Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Отбасы – адамзат мәдениетінің ошағы».
28.08.2019

Әмбебап оқу залында Отбасы күніне арналған «Отбасы – адамзат мәдениетінің  ошағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі бала болғандықтан көрмеге баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсетер әдебиеттер қойылған.

Көрмеге қазақ отбасының өткені мен бүгіні, халқымыздың бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары терең қамтылған Х. Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» еңбегі қойылған.

Сонымен бірге көрермендер назарына отандық педагог С. Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие» кітабы, «Ақ отау» жинағы мен «Отбасым» журналы ұсынылған. Аталған басылымдар отбасының адамзат үшін аса маңызды құндылық екендігін еске салады.

Қыркүйек айы бойы жұмыс істейтін көрмеге шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы