Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Менің отбасым – менің тірегім
06.09.2019

«Отбасы күні» мерекесі аясында және мәдени құндылықтарды, дәстүрді, руханилықты сақтау, жас ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттің ұлттық міндетін жүзеге асыру мақсатында Әмбебап оқу залының қызметкерлері «Менің отбасым – менің тірегім» беделді кездесуін өткізді.

Бұл күн Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы жарлығымен бекітілген және жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтіледі.

Шараның басты қатысушылары болған Жақсылық және Ғалия Малшиндар отбасы, «Қостанай таңы» газетінің тілшілері Қиысқан Қыдырбек пен Шұға Аңсағанқызы отбасылық өмірдің бағалы тәжірибесімен бөлісті және ерлі-зайыптылықтың маңыздылығы туралы әңгіме өткізді.

Шараның барлық қонақтары «Отбасы – адамзат мәдениетінің ошағы» кітап көрмесімен танысты. Көрмеге қойылған Е. Соринаның «Как стать счастливой парой» кітабы қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл бір-бірін қапысыз тапқан адамдарға арналған кітап болып табылады. Ол екі адамның қалайша бақытты болуы, үйлесімді қарым-қатынасты қалай орнатуға болатыны жайында.

Шара Қиысқан Қыдырбектің орындауындағы музыкалық нөмірлермен безендірілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus