Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қала тарихының белгісіз беттері»
12.09.2019

2019 жыл - облыстың басты қаласы үшін мерейтойлық жыл болды. Бұл қаланың қалай құрылғаны туралы айтып беруге және оның тарихымен танысуға тамаша себеп болды. Бір жарым ғасыр деген қала үшін көп уақыт емес, алайда бұл өзінің өмірін фотосуреттерде, естеліктерде, керемет кітаптарда, өткен жылдардың газеттері мен журналдарының мақалаларында сақтап қалған тарих бола алады.

11 қыркүйек күні Өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен «Қала тарихының белгісіз беттері» атты шара өтті. Ол Қостанай қаласының 140 жылдығына арналды және әдеттен тыс нысанда – ақпараттық досье түрінде өтті.

Шараның қонақтары ретінде жұртқа танымал және өз істеріне шын берілген түрлі мамандық иелері: ақын, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет, ҚР және РФ тарих ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Дмитрий Максимович Лёгкий, алғашқы қостанайлық тарихшы-фрилансер, «Қостанай және қостанайлықтар» порталын жасаушы Арман Қозыбаев қатысты.

Қаладағы оқу орындарының студенттері шараға шақыртуды қуана қабылдады. Қонақтардың қызықты және әсерлі әңгімелері, түрлі таныстырылымдар, кітап көрмелері, музыкалық композициялар ешкімді бейжай қалдырған жоқ.

ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы