Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Достық көпірі»
16.09.2019

13 қыркүйекте Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК білім орталығында «Шекарадағы кездесулер» жобасы аясында қостанайлық авторлардың Челябі облысының Карталы ауданының ақындарымен және жазушыларымен «Достық көпірі» онлайн-кездесуі өтті. Жүргізушілер кездеуге келгендерді кітапханалардың жергілікті әдебиетшілермен қалай жұмыс істеп жатқандары туралы айтып беріп, екі жақтың қатысушыларын таныстырды.

Бұдан кейін авторлар өздері туралы, өздерінің шығармашылығы туралы айтып берді және өздерінің шығармаларын оқыды.

Қостанайда кездесуге қаланың әдеби бірлестіктерінің өкілдері – «Prata Martis» (Алексей Олексюк, Светлана Маньшина), «Ковчег» (Евгений Демидович) «Крылья» (Татьяна Тихомирова), сондай-ақ ешқандай жазушылар ұйымына жатпайтын Александра Суслова мен Багытжан Альшанова қатысты.

Ресей тарапынан Карталы қ. ОКЖ жанынан жұмыс істейтін «Провинциалы» әдеби бірлестігінің мүшелері Ольга Зайцева, Татьяна Никитина, Вера Маликова, Фрида Машковская, Татьяна Чеботько, Сергей Садонис өз шығармашылықтарымен бөлісті.

Онлайн-кездесудің соңында үйлестірушілер барлық қатысушыларға алғыстарын білдірді және бүгінгі кездесудің болашақтағы тығыз және жемісті ынтымақтастықтың бастауы болатынына сенім білдірді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus