Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ел басы жолдауы  болашақтың бастауы»
30.09.2019

2019 жылдың 29 қыркүйек күні Өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен «Ел басы жолдауы - болашақтың бастауы» атты президент жолдауы «Ақ қауырсын» әдеби жастар клубының жүшелері мен оқырмандар арасында талқылауға түсті.  Шараға қаладағы клуб өкілдері мен студент жастар қатысты. Дебат түрінде өткен шарада жастар еркін жұп болып «Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер», «Шағын және орта бизнес», «Мемлекеттік тіл» тақырыптарында пікір таластырды. Дебат барысында ойының жүйелілігімен көзге түскен Нурислам Жүмекенов жолдауда шағын бизнесті қолдауға, туризмді дамытуға бағытталған нұсқаулардың маңызы ерекше деген пікір білдірді.

«Президент Жолдауында қазір қоғамда өзекті саналатын мәселелердің бәрі көрніс тапқан. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды алаңдатып жүрген көптеген тақырыптарды қозғады. Соның ішінде жастарға қатысты жағымды сәттер көп», - деген қозғалыс өкілі ел болашағын дамытуға қостанайлық жастар қалай үлес қосу керектігін айтты. «Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы облыстағы мәдениеттің дамуына серпін береді деп ойлаймын деді Данияр Ихсан. Бұл тұрғыда жастардың алдында үлкен міндеттер тұр екеніне тоқталды.

Бұл жолдауды жас кәсіпкер ретінде мен де асыға күттім. «Еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған қандай түйіткілді мәселелер көтеріледі» деген ойда болдым. Бұл жолғы Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың бірқатар мәселелері, яғни кәсіпкерлікті қолдау, білім сапасын жетілдіру, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, бағаны тұрақтандыру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жетілдіру және тағы да басқалар көтерілді. Алдағы жыл, осы жолдаудың өз нәтижесін береді деген үміттемін деді қостанайлық ақын Бағлан Қызылбайұлы.

Шараға қатысушылар жіктеліп пікір таластырған спикерлердің тұщымды ойларын тыңдап қана қоймай, арасында сауалдар қойып, дебаттың көрігін қыздырып отырды. Дебат соңында шара қонақтары да Жолдауға қатысты өз ойларын қысқаша қортындылауға мүмкіндік алды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus