Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Күзгі бал» музыкалық-поэтикалық кеші
02.10.2019

1 қазан Музыка күнінде әдеби қонақжайда әуесқой әдебиетшілердің «Күзгі бал» атты музыкалық-поэтикалық кеші өтті. Шараны Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы мен Өнер туралы әдебиеттер бөлімі бірлесе отырып ұйымдастырды. Әдебиетшілердің бұл жолғы отырысы белгіленген тақырып аясында өтті: әрбір қонақ кез келген ертегінің кейіпкерін көрсетуі керек болды. Барлық қатысушылар «Золушка» және «Дюймовочка» командаларына бөлінді. Командалар қызықты әдеби тапсырмалар алды: барлығына бала кездерінен таныс ертегілерге жаңа түсіндірулер жазу, қызықты нұсқаулар құрастыру, мақалдарды жалғастыру керек болды және т. б. Тапсырмалардың арасында кез келген команданың қатысушысына өзінің шығармашылық нөмірін көрсетуіне мүмкіндік берілді және бұл үшін оның командасына қосымша балл жазылды. Өнер көрсеткендердің ішінде жергілікті музыканттар: Сергей Тырин, Дмитрий Говорков, Никита Колесник, Дмитрий Кочетков, Жас Мурсалин, «63» шығармашылық ұжымы, Андрей Антонов болды. Көрермендерді астанадан келген қонақ Павел Чилига тағы да қуантты. Сондай-ақ терең мағыналы композицияны орындаған «Крылья» әдеби студиясының қатысушысы Иван Жуковтың алғашқы өнер көрсетуін де атап өту керек. Осы кеште қостанайлық ақындар Яна Федорович пен Евгений Демидович өздерінің поэтикалық шығармашылықтарымен бөлісті. Әдеби қонақжайдың шараларына біраздан бері «Magic people» театр студиясының жетекшісі Нелли Жуламанова белсенді қатысып жүр. Бұл жолы ол өзінің әріптесін – тамаша актер Людмила Ульянованы ерте келді.

Барлық тілек білдірушілер өнер жайындағы әдебиеттер қойылған көрмені тамашалады. Қатысушылардың көпшілігі музыканттар болғандықтан көрме үлкен қызығушылық тудырды. Бұлардан басқа бөлімдердің қызметкерлері  әсем безендірілген күзгі фотоаймақ дайындады.

Әуесқой әдебиетшілерге көптеген жақсы лебіздер айтылды, барлық қонақтар риза болысты және әдеби кездесудің мұндай түріне оң баға берісті.


ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы