Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Журналистиканың жүйрігі»
08.10.2019

Құрметті оқырмандар! Қазақстан Журналистикасы академиясының президенті, тарих ғылымының докторы,­ профессор, жарты ғасырға жуық бірнеше ұрпақты журналистикаға тәрбиелеген ұстаз Сағымбай Қозыбаев 75 жасқа толып отыр. Қазақстан журналистері энциклопедиясын түзген ғалым осы уақытқа дейін көптеген публицистикалық очерктерді, ғылыми мақалаларды өмірге әкелді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, Сағымбай Қозыбаев текті әулеттен шыққан. Әкесі Қабаш Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде колхоз басқарып, бар жиған-тергенін майданға жөнелткен еңбек қайраткері. Сондықтан Сағымбай Қозыбаевты тектінің жалғасы деуіміздің себебі осы.

         Ғалымның мерейтойы қарсаңында 9 қазан күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жиналыс залында сағат 17.00 де «Журналистиканың жүйрігі» атты  шығармашылық кеші өтетінін хабарлаймыз. Барлық тілек білдірушілерді қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығымен танысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus