Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бейімбет Майлин» электронды папкасы
16.10.2019

Майлин Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы – қазақ кеңес жазушысы, драматург, қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Жан-жақты талантты жазушы қазіргі кезде де өзінің өзектілігін жоғалтпаған әдебиеттің барлық жанрында дерлік өзіндік шығармаларды дүниеге әкелді.

Б.Майлин өз шығармашылығымен поэма жанрын жаңа биікке көтерді.  Оның «Байдың қызы», «Қашқын келіншек», «Зайқұл», «Маржан», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары және басқалары тақырыптарының алуан түрлілігінің, сюжеттік тартымдылығының, өзіндік стилі мен тілінің арқасында қазақ поэзиясының үздік үлгілері болып табылады.

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Б.Майлинның туғанына 125 жыл толуына арналған «Бейімбет Майлин» электронды папкасын дайындады.

Кітапхана оқырмандарын ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі болған тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайындағы интернеттегі дереккөздерден алынған тақырыптық материалдарды пайдалануға шақырамыз.

        Электронды папка Әмбебап оқу залындағы компьютерлердің жұмыс үстелінде орналастырылған.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus