Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы
16.10.2019

2019 жылдың 15 қазанында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК Өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-тарихи композициялық кеш өткізді.

Шараға белгілі ақын, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Серікбай Оспанов және А. Байтұрсынов ат. ҚМУ-нің Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Шынар Исламбекқызы Төлегенова қатысты. Кеш қонақтары Сәкен Сейфуллиннің көркем шығармалары мен ғылыми еңбектеріне, мемлекеттік қоғам істерін ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласқандығын ерекше атап өтіп, тарихи құжаттар негізінде нақты деректер келтірілді.  Серікбай Оспанов реперессия жылдарындағы ақынның «Сәкеннің соңғы хаты» өлеңін көпшілікке жариялады.

Сонымен қатар жас ақын Бағлан Қызылбайұлы ақын жайлы мазмұнды баяндамасын оқып берді, шара барысында қазақтың қайратты ұлы Сәкеннің шығармашылығынан үзінділер мен арнау өлеңдер оқылды. Кітапхана тарапынан бірегей басылымдардың ұсынылуымен ақын құрметіне «Қазақтың біртуар перзенті» атты безендірілмелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus