Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Білімді жастар – болашақ кепілі»
18.10.2019

Әмбебап оқу залы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында «Білімді жастар – болашақ кепілі» шарасын өткізді.

Шараға келесілер қатысты:  Нуркин А. Б. – «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Инновацияларға қолдау көрсету орталығының менеджері,   Дамбаулова Г. К. – экономика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ технологияларды коммерцияландыру және тасымалдау кеңсесінің басшысы,   Кульбаева М. М. – филология магистрі, Phd докторанты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ тілдер мен әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы,  сондай-ақ Азелханов И. және Мырзатаева З. – А.Байтұрсынов ат. ҚМУ студенттердің бизнес бастауы қозғалысының көшбасшылары, жас кәсіпкерлер, «WOW ÁLIPPE» әліппесінің авторлары.  

Келушілер идеяны бизнес деңгейіне дейін жеткізудің ең тиімді стратегиялары туралы ақпарат алып, көптеген бизнесті бастағысы келетіндердің негізгі мәселелерімен және оларды шешудің жолдарымен танысты.

Шара кездесуге келген қонақтардың қызығушылығын тудырған «Білімді жастар – болашақ кепілі» кітап көрмесімен сүйемелденді.

Шара аясында сондай-ақ кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ