Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай аудандық және Алтынсарин ОКЖ кітапханалары күні
24.10.2019

2019 жылдың 23 қазанында жалғасып келе жатқан «Қостанай облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханалар күні» жобасы аясында бірден екі: Қостанай аудандық және Алтынсарин ОКЖ кітапханалары күні өтті.

Қостанай аудандық ОКЖ кітапханалар күні таңертеңгі сағат 10.00-де Ы. Алтынсарин кесенесіне экскурсиядан басталды. Бұдан кейін қатысушыларды аудандық Мәдениет үйінің фойесінде дәстүрлі арнаумен және шашумен қарсы алды.

Осы жерде, бірінші қабаттың фойесінде қатысушылар көрменің материалдарымен және фотоқұжатты экспозициямен танысты.

«Өскен өңірдің өмірі» көрмесінде Александров, Майкөл, Надеждинск, Садчиков, Владимиров және Алтын дала ауылдық кітапханаларының шағын мұражайларының экспонаттары көрсетілді.

«Тың дәуірі» фотоқұжат экспозициясының негізін аудан мұрағаты мен Московский, Майкөл және Айсары ауылдарының ауылдық кітапханаларынан жинақталған материалдар құрады.

«Соғыс. Жеңіс. Жады», «Минувших лет живая память: 1941-1945 гг.» көрмесі үшін де аудандық мұрағат пен И. Ф. Павлов ат. ауылдың кітапханасынан алынған ҰОС туралы материалдар пайдаланылды. Барлық көрмелер мазмұны бай шолулармен, жергілікті авторлардың соғыс, тың, ауданның күнделікті өмірі жайындағы өлеңдерімен сүйемелденді.

Екінші қабатта шараның қонақтары «Қостанай ауданының өткені мен бүгінгісі» өлкетанушылық кітапханалық көрсетілімімен таныстырылды, оған «Қостанай ауданының көрікті жерлері», «Қостанай ауданының қолөнер шеберлері» мультимедиялық құралы, «Қостанай ауданының поэтикалық нақыштары» құрал-ойыншығы енгізілді.

«Сұлулықты өзіміз жасаймыз» этноаймағы мен жерлестеріміздің шығармашылық жұмыстары қойылған көрме-таныстырылым көркем және мазмұнды болды. Бұл жерде жергілікті шеберлердің өз қолдарымен киізден, қағаз бен матадан жасаған бұйымдары көрсетілді. Ауыл кітапханашыларының барлығы дерлік шараға қатысу арқылы әріптестеріне қолдау көрсеткен әуесқой шығармашылық ұжымдардың белсенді қатысушылары болып табылады. Олар қонақтарды көңілді ән-күймен, ұлттық тағамдармен қарсы алды. Дәмнен ауыз тигеннен кейін қонақтар Мәдениет үйінің көрермендер залына өтті, бұл жерде олардың назарына Майкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы дайындаған «Барлық кезеңде оқылар авторлар мен кітаптар» флешбугі, Садовый ауылдық кітапханасының кітапханашысы дайындаған «Бабалар ізімен балалар жүрер» скрапбукингі ұсынылды.

Шара балалар жазушысы Б. С. Әжіғалиевамен және ҰОС және мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің ардагері П. В. Даценкомен болған кездесумен жалғасты. Кітапханалар күні қостанайлық сценарийшілер түсірген «Кім кінәлі?» көркем фильмінде басты рөлді ойнаған еңбек сіңірген мәдениет қызметкері А. А. Есенеймен болған кездесумен аяқталды.

 Әріптестерінің іс-шараларын Алтынсарин ОКЖ кітапханашылары жалғастырды. Олардың Кітапхана күні Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК алаңдарында жалғасты. Ресми ашылудан және таныстырылымнан кейін көрермендер «Сосновый бор» шипажайының өкілдерімен кездесу болған кітапхананың Білім орталығына көтерілді. Қонақтар Қостанай облысының басты «маржаны» жайындағы әңгімені қызыға тыңдады. Бұдан кейін шараның қатысушылары қазақстандық жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мерейгерлер жасасын!» әдеби квестіне құлшына қатысты, «Қисын қайда» ойынының сұрақтарына белсенді жауап берді, «Шәй үстінде оқылар шығармалар» библиокафесіне барды. Алтынсариндықтардың барлық шараларының танымдылығы мол, қызықты болды және міндетті түрде облыстың барлық өңірінен келген әріптестерінің кітапханалық жұмыстарында қолданылатын болады.

Осылайша екі ОКЖ келген әріптестеріміз қатысушылары көрермен ғана емес, сондай-ақ белсенді қатысушы да болған, жақсы әсерлер мен жаңа білім алған жарқын және ұмытылмас мереке жасай алды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus