Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Өлең - мен саған ғашықпын
08.11.2019

2019 жылдың 7 қараша күні Өлкетану әдебиеттері бөлімі Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын-журналист, ұстаз Байтұрсын Ілиястың туғанына 80 жыл толуына орай «Өлең – мен саған ғашықпын» атты әдеби кеш өткізді.

Кеш барысында есімдері республикаға және қаламызға танымал ақын-жазушылар, ахметтанушылар, ақынның замандас әріптестері сөз сөйлеп, жазушы мұрасын, өмір жолын, еңбектерін насихаттады. Белгілі ахметтанушы Ибраhим Ағытайұлы: ақын ұлт көсемі А. Байтұрсыновты зерделі зерттеуде үлкен еңбек сіңірді, өзі еңбек еткен оқу орнында журналистика кафедрасын ашуға мұрындық болды, республикалық «Жас өркен – Қостанай» журналын шығарудағы еңбектерін атап өтті. Кеш соңында ақынның келіні Айсұлу Оклайбергенқызы Ілиясова кітапхана қорына, ақынға арналған «Біз білетін Бәкең» атты замандастарының  естелік кітабын сыйға тартты және автордың шығармашылығынан үзінділер оқылды.

Кітапхана қызметкерлері автор жайлы бірегей басылымдар ұсынған кітап көрмесін қонақтар назарына ұсынды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus