Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тұңғыш президент – тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға»
18.11.2019

2019 жылдың 18 қарашасынан бастап әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұңғыш президент – тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға» кітап көрмесі жұмыс істей бастады.

Көрмеге қойылған кітаптар Ұлт көшбасшысының сан салалы қоғамдық және саяси жұмысын жан-жақты ашып көрсетеді.

Кітап көрмесінен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» кітаптар сериясымен танысуға болады.

Кітаптарда бұрынғы мемлекет басшысының қатысуымен ел ішінде және шетелде өткен негізгі іс-шаралар жан-жақты баяндалған, Н. Ә. Назарбаевтың барлық маңызды баяндамаларының мәтіндері басылған, бірінші Президенттің қызметі туралы алуан түрлі анықтамалық ақпарат берілген.

Бұл сериямен шыққан кітаптардың барлығы шағын дискілермен жабдықталған.

Әсіресе жазушы С. Плехановтың «Мировые лидеры» сериясы бойынша Н. Назарбаев жайындағы «Не шелковый путь» кітабының оқырмандар назарын аударары сөзсіз.

Кітапта тәуелсіз Қазақстанның бірінші Президенті билікке келген кездегі жауапкершілік туралы, Семей ядролық полигонының жабылуы туралы және оны қазіргі кездің танымал және беделді саясатшысына айналдырған халықаралық бітімгершілік бастамаларындағы белсенді рөлі туралы баяндалады.

Сондай-ақ кітап көрмесіне Елбасының жеке басы мен өміріне арналған кітаптар, өмірі мен қызметі жайындағы суреттер басылған фотоальбомдар, әлемдік деңгейдегі саясатшылардың Н. Назарбаев жайындағы еңбектері қойылған.

Көрмеге қойылған кітаптар көпшілік оқырмандарға арналған.

Көрме бір ай бойы жұмыс істейтін болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ