Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Тұңғыш Президент күні 21.11.2019 | 1 желтоқсанды мемлекеттік мереке –
тұңғыш Президент күні ретінде бекіту туралы заңды 2011 жылдың 10 желтоқсанында
Парламент Сенаты қабылдады. Мереке ретінде бұл күнді таңдауға 1991 жылдың 1
желтоқсанында орын алған тарихи оқиға – алғашқы жалпы халықтық сайлау
нәтижесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаушылардың 98,7
пайызын иеленуі негіз болды.
2019 ж. 20 қарашасында кітапхананың ӘОЗ «Тұғыры биік - Елбасы» портрет-кеші өтті. Шараға ҚР ҰҚК «Солтүстік» өңірлік басқармасының
2039 ә/б әскери қызметкерлері шақырылды. Кеште Н. Назарбаевтың Қазақстан
Президенті лауазымында атқарған жұмыстары жайындағы таныстырылымдар мен
бейнесюжеттер көрсетілді. Шарада «Тұңғыш президент – тәуелсіздігіміздің тірегі
болған тұлға» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтарға «Мирас» мәдениет үйінің
қызметкерлері Ерболат Жазықпаевтың, Н. Л. Пикулеваның және Л. Н. Толстой ат. кітапхананың
қызметкері Нұржан Қуандықовтың орындауындағы әндер ұсынылды. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|