Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Шабытты шақтар
20.11.2019

19 қарашада Челябі мемлекеттік университетінде «Шабытты шақтар» тақырыбымен өлең оқушылардың байқауы болды. Байқаудың қазылар алқасының мүшелері ретінде  Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының кітапханашылары Алексей Олексюк және Татьяна Тихомирова шақырылды.

Байқаудың өзі үш тақырыптық блоктан: А. С. Пушкиннің өлеңдерінен, соғыс жылдарының лирикасынан және студенттердің авторлық өлеңдерінен тұрды. Шығармалардың тақырыпқа сай болуы, көркем бейненің жасалуы және мәнерлеп оқу бағаланды. Балалар орындалуы және мазмұны күрделі өлеңдерді таңдады, шығарманың уақытына сәйкес келетін музыкалық безендірулер мен реңктерді қолданды. Байқауға түрлі курстар мен мамандықтардың 38 адамы қатысты.

Блоктардың әрқайсысы өзінше ерекше болды, мұның сыртында Александр Сергеевичтің өлеңдерінсіз немесе соғыс өлеңдерінсіз поэзияны қалай елестетуге болады? Кейбір шығармалар қазылар алқасы мүшелерінің көзіне жас үйірді. Мысалы, студент Валерии Трясактың ҰОС жайындағы өлең оқуы көпшіліктің көңілін қобалжытты.

Шара соңында қазылар алқасының мүшелері өлең оқушыларға шеберліктері үшін алғыс білдірді. Байқаудың қорытындысы үстіміздегі сенбіде шығарылатын болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ