Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жастық шағымызға шағым жоқ
25.11.2019

Кітапханада оқырмандарымызға, кітап авторларына – облыстың этномәдени бірлестіктерінің мүшелеріне құрмет көрсететін игі дәстүр бар.

24 қарашада Әмбебап оқу залы украин қауымдастығының мерейгерлеріне арналған «Жастық шағымызға шағым жоқ» көрме-құттықтауын өткізді. Мерейгерлердің ішінен Қостанай қаласының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері, алты орденнің иесі Д. Я. Брусникке ерекше көңіл бөлініп, көптеген жылы сөздер айтылды.

Дмитрий Яковлевич 95 жылдық мерейтойын бізбен бірге атап өтті. Қоғаммен бірге болуды мұрат ететін Дмитрий Яковлевич «Ешқашан берілме!» деген ұранды берік ұстанады.

Кеш Қостанайлық белгілі тележурналист Г. Бекмұхамедованың «Дмитрий Брусник. Непобедимый рыцарь духа» деректі фильмімен бейнесюжет көрсетумен және «Украин әдебиетінің панорамасы» кітап көрмесімен сүйемелденді.

Шараға танымал тұлғалар мен қала тұрғындары қатысты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus