Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Күреспен өткен өмір»
27.11.2019

26 қарашада Өлкетану әдебиеттері бөлімі грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, бүкілодақтық дәрежедегі төреші, КСРО дене шынықтыру және спорт ісінің үздігі, КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі, Қостанай қ. құрметті азаматы Владимир ПетровичМатвиенконың 70 жылдығына арналған «Күреспен өткен өмір» атты еске алу кешін өткізді.

Кеш В. П. Матвиенко жайындағы деректі фильм көрсетумен сүйемелденіп, кештің кейіпкеріне арналған өлеңдер оқылды және әндер орындалды. Жанға жайлы ахуалда өткен шараға Владимир Петровичтің туыс-туғандары, шәкірттері, дос-жарандары, әріптестері, бүкілодақтық, халықаралық дәрежедегі төрешілер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары, КСРО спорт шеберлері, грек-рим күресінен, бокстан, жеңіл атлетикадан, велоспорттан, ауыр атлетикадан, футболдан, баскетболдан, шаңғы спортынан, көп сайыстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары қатысты.

Спорт ардагерлерінің грек-рим күресінің шебері жайындағы естелік әңгімелері кеш қонақтарының – Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ оқытушыларының, студенттерінің және Индустриалды-педагогикалық колледж оқушыларының шынайы қызығушылығын тудырды. Фойеде баспа өнімдерімен қатар В. П. Матвиенконың түрлі жарыстарда түскен көптеген фотосуреттері, марапаттары және медальдары қойылған үлкен көрме ұйымдастырылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus