Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Алаш арманы - тәуелсіз Қазақ елі
28.11.2019

Әр мемлекеттің және халықтың тағдыры шешілетін күндері болады.

Қазақстандықтар үшін 1991 жылдың 16 желтоқсанын осындай күн деуге болады.

Осы күні Қазақстан бүкіл әлемге өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік күні – бұл Қазақстан халқының мерекесі.

28 қарашада Әмбебап оқу залы ең басты ұлттық мерекені тойлау қарсаңында «Алаш арманы -  тәуелсіз Қазақ елі» кітап көрмесін дайындады.

Көрменің екі бөлімінде кезең-кезеңімен 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі тарихы, мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік даму жолы және Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны көрсетілген.

Олардың ішінде «История независимого Казахстана», «Тәуелсіздік шежіресі», «Летопись независимости», Ш. Елеукеновтың «Тәуелсіздік биігінен», М. Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік», М. Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы», А. Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм» басылымдары бар.

Көрмеге «Мәңгілік Ел», «Стратегия – 2050» бағдарламалық құжаттары, сондай-ақ Н. Назарбаевтың «Стратегия Независимости», «Казахстанский путь», «Стратегия радикального обновления глобального сообщества и партнерство цивилизаций» әдеби еңбектері, 1986 жылдың желтоқсанындағы оқиғалар туралы материалдар және басқа да басылымдар қойылған.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тарихи публицистика жанрында жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы автордың елдің жаңа тарихы мен болашағына қатысты көзқарасын көрсетеді. Басты назар егемен мемлекеттің негізі қаланғаннан сәттен бастап оны құрудың кезеңдерін сипаттауға, ішкі логика мен тәуелсіздіктің 28 жыл ішіндегі ішкі және сыртқы мәселелерге жауап ретінде шешімдерді қабылдаудың механизмдерін көрсетуге аударылған.

Көрменің мақсаты – ел үшін қысқа ғана уақыт болып табылатын 28 жыл ішінде Қазақстан халқының мемлекет басшысы Н. Назарбаевпен бірге қандай жұмыс атқарғанын оқырманның өзінің бағалауына мүмкіндік беру.

Сіздерді жылдың соңына дейін жұмыс істейтін көрмемізді көруге шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus