Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отбасылық оқу» кітап көрмесі циклі
05.12.2019

Абонементтер бөлімінде жалғасын тапқан «Отбасылық оқу» кітап көрмесі циклі аясында мәңгілік тақырып – махаббатқа арналған «Ақылдың шыңы – махаббат» атты желтоқсандық көрмесі безендірілді.

Көрме махаббат жайындағы атақты аңыздар туралы баяндайтын тамаша кітаптарды оқырмандардың есіне салады, махаббатты баянды етудің жолдарын көрсетеді.

Көрмеге қойылған кітаптар оқырмандардың М. Ж. Көпейұлының «Қозы Көрпеш», «Қыз Жібек», Г. Твиритиннің «Песнь о Козы Корпеше и Баян Сулу» аңыздарындағы кейіпкерлердің басынан кешкен сезімдерін сезінулеріне көмектеседі. О. Хайямның «Лепестки любви: рубаи», сондай-ақ «Шедевры мировой поэзии о любви и весне» поэтикалық жинақтары үлкен қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Л. Н. Петрованың «Популярная педагогика, или как завоевать сердце ребенка» кітабы ата-аналардың махаббатына арналған. Көрмеге бақытты махаббатқа қол жеткізудің жолдары көрсетіліп, түрлі ұсынымдар беретін Н. Б. Правдинаның «Тайны любви» кітабы және тағы басқа көптеген тартымды және танымдылығы мол кітаптар қойылған.

Көрмені көруге және жаныңызға жақын кітапты таңдап алуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus