Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жыр – менің жалғыз тарланым
06.12.2019

2019 жылдың 5 желтоқсанында ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет және ағарту қызметкері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Жыр – менің жалғыз тарланым» атты еске алу кеші өтті.

Халық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ф. Оңғарсынова махаббат пен достық жайында, өз халқының тарихы туралы жазды. Жоғары деңгейдегі азаматтық, интернационализм, адамгершілік құндылықтарын сақтау – оның өлеңдері мен поэмаларының негізгі тақырыптары. Ақынның шығармашылығында көп ғасырлық ұлттық мәдениет дәстүрі мен қазіргі кездегі поэтикалық жаңалықтар бірдей кездеседі. Оның өлеңдері бейнелі, жалынды және көркем.

Шараға қатысқан А. Байтұрсынов ат. ҚМУ студенттері поэтикалық жинақтардан Фариза Оңғарсыноваға арналған өлеңдер оқыды. Келушілердің назарына шара аттас кітап көрмесі ұсынылды. Әсіресе оқырмандар арасында 2019 жылы жарық көрген «Полдневный жар» кітабы ерекше қызығушылық тудырды.

Кеш соңында шараны ұйымдастырушылар – Әмбебап оқу залы мен Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері барлық қатысушыларды поэзияны шынайы сүюшілердің құрметі мен сүйіспеншілігіне ие болған Фариза Оңғарсынованың шығармаларын оқуға шақырды.

ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы