Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Arlan Design» авторлық студиясының «Шығармашылық кеңістігі» көрмесі
13.12.2019

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі «Arlan Design» авторлық студиясының «Шығармашылық кеңістігі» көрмесін ұйымдастырды. Көрме кітапхананың оқырмандары мен қонақтарын ағайынды Аңқауовтардың жұмыстарымен таныстырады.

Арлан Аңқауов – дизайнер, суретші, Қостанай педагогикалық колледжін «Дизайн» мамандығы бойынша бітірген, дипломдық жұмысты «Көп функционалды жиналмалы-бұзылмалы және жиналатын жиһаз» тақырыбы бойынша қорғаған. Арлан «Көкше-Университет» мультфильм студиясында жұмыс істеді, өз бетінше 3d-max бағдарламасын игерді, мұның сыртында өз бетінше көркемөнермен айналысады. Арлан Аңқауов көптеген беделді байқаулар мен фестивальдарға қатысушы. Оның жұмыстары республикалық және халықаралық байқауларда түрлі жүлделерді иеленіп жүр.

Қазір Арлан інілерімен бірлесе отырып құрған өзінің «Arlan Design» студиясының жетекшісі болып табылады.

Осы бір талапты тұлғаның және талантты суретшінің жұмыстарына тән ерекшілік қазақ халық шығармашылығына тән ою-өрнек белгілерін кеңінен қолдану болып табылады. Ағайынды Аңқауовтар студиясы былғарыдан қазақ халқының түрлі ұлттық кәдесыйларын, киізден түрлі тақырыптағы паннолар жасаумен айналысады.

Бұл көрме ай бойы жұмыс істейтін болады. Барлығыңызды көрмені көруге және әдеміліктен жақсы әсер алуға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы