Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Другая реальность»
24.12.2019

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының ұйымдастыруымен әдеби қонақжайда Жастар жылының жабылуы аясында Олжас Мұрсалинның шығармашылық кеші өтті.

Олжас Мұрсалин – музыкант, әндердің авторы, «Другая реальность» музыкалық тобының көсемі және әншісі, түрлі қайырымдылық концерттерге, соның ішінде кітапханалық әуесқой әдебиетшілердің жазғы жиындарына тұрақты қатысушы. Олжас қала мен облыстың түрлі шығармашылық алаңдарында жиі өнер көрсетеді, оның әндері туралы шетелдіктер де біледі.

Шара сұхбат түрінде өтті. Сұрақты жүргізуші ғана емес, сондай-ақ жиналған жұрт та: политехникалық колледждің студенттері, музыканттың достары мен әріптестері, қаланың шығармашылық қауымының өкілдері де қойды. Кеште Олжас Мұрсалинның қазақ және орыс тілдеріндегі әндері орындалды. Әрбір шығарма қатысқандардың көңілінен шығып, көрермендер жүрекке жететін мәтіндерді, қызықты музыка мен қонақтың әнді беріле орындауын жоғары бағалады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ