Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
08.01.2020

6 қаңтардан бастап Әмбебап оқу залында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты жедел көрме жұмыс істей бастады.

Көрмеге балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, балалармен дұрыс қарым-қатынас жасау тақырыптарындағы мақалалар мен кітаптар қойылған.

Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінен оқырмандар «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы заңы», «Права ребенка. Сборник нормативных правовых актов», «Профилактика жестокого обращения с детьми» секілді басылымдармен таныса алады.

Көрмеге балаларды тәрбиелеу барысында оларға жеке тұлға ретінде қарауға шақыратын Ю. Гиппенрейтердің «Большая книга общения с ребенком», «Психология семейных кризисов», В. Шапарьдің «Подростки-неформалы: детские шалости или группа риска?» секілді психологиялық әдебиеттері қойылған.

Көрмеге қойылған әдебиеттер ата-аналар, педагогтар, психологтар мен жалпы оқырман қауым үшін қызықты болмақ.

Көрме бірінші жарты жыл бойы жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ