Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Цифрлық Қазақстан: экономиканы дамытудың жаңа бағыты»
09.01.2020

Цифрландыру мәселесі қазіргі кезде әлемнің түгелге дерлік елін қамтып отыр. Соған қарамастан әр ел цифрлық дамудың басты бағыттарын өздері белгілейді. Әлемнің 15 астам елі қазіргі кезде ұлттық цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру үстінде.

Әмбебап оқу залында «Цифрлық Қазақстан: экономиканы дамытудың жаңа бағыты» жедел көрмесі ашылды.

Көрмеге Қазақстан экономикасының дәстүрлі салаларының қайта құрылып жатқаны туралы, қызмет көрсету саласындағы әдістердің және мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара әрекеттестігінің өзгеріске ұшырап жатқаны жайында материалдар қойылған.

Е. И. Юревичтің «Основы робототехники» кітабында робот техникасының ғылым мен техниканың қазіргі кездегі саласы ретінде құрылу тарихы қарастырылып, «механикалық адамдар» жасау жолындағы алғашқы талпыныстан қазіргі кездегі барлық көлемдегі роботтар мен олардың болашақтағы мүмкіндіктері туралы баяндалады. Роботтар мен оларға жақын басқа да робот тәрізді техникалық құралдардың құрылымына, бағдарламалық әдістен зияткерлікке дейінгі роботтарды басқару әдістеріне, жобалаудың ұстанымдарына сипаттама берілген.

Сондай-ақ технологиялық кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау жайындағы және бизнеспен, ғылым саласымен және мемлекетпен тұрақты байланысы бар инновациялар туралы ақпаратпен танысуға болады.

Құрметті оқырмандар, сіздерді көрмемізді тамашалауға шақырамыз.

Көрме үстіміздегі жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus