Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Халық жүрегіндегі қаламгер
13.01.2020

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторында көрнекті қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай «Халық жүрегіндегі қаламгер» тақырыбында безендірілмелі кітап көрмесі қойылды.

І. Есенберлиннің шығармашылығы тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарға, аңыз әңгімелерге негізделген, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.

Көрмеде қаламгердің көптеген тарихи трилогиялары, романдары, дастандары, аудармалары қойылған және өмірі мен қызметі жайлы тың материалдар, ол туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар да ұсынылған.

Баршаларыңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ