Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Досанов Сәбит Аймұханұлы: 80 жасқа толуына орай» ақпарат-досье
14.01.2020

Досанов Сәбит Аймұханұлы – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ақын, сыншы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Шолохов, В. Пикуль ат. Халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2000), Ресей әдебиет академиясының академигі (2007), Қырғызстан Республикасының «Алтын қалам» (2007) әдеби сыйлығының иегері. Шығыс Қазақстан мем. ун-тінің құрметті профессоры.

Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» және т.б. кітаптары бар. 1998 ж. мемлекеттік «Санат» баспасынан қазақ тілінде, ал 2003 ж. Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан орыс тілінде «Жиырмасыншы ғасыр» романы жарық көрді. Төрт кітаптан тұратын «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын алды.

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі С. Досановтың 80 жыл толуына арналған «Досанов Сәбит Аймұханұлы» ақпарат-досье дайындады.

Кітапхана оқырмандарын ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі болған тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайындағы интернеттегі дереккөздерден алынған тақырыптық материалдарды пайдалануға шақырамыз.

Ақпарат-досье Әмбебап оқу залындағы компьютерлердің жұмыс үстелінде орналастырылған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ