Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Алтын Орданың мұрасы
14.01.2020

Қазақстандағы 2020 жылдың атаулы оқиғаларының бірі Алтын Орданың 750 жылдығы болып табылады. Осы дәуір ішінде әлі күнге дейін ғалымдар мен жазушыларды толғандырып келе жатқан, аңызға айналған мемлекет туралы көптеген еңбектер жазылды.

Абонементтер бөлімінде Шыңғыс хан ұрпақтарының мемлекеті туралы әңгімелейтін кітаптар қойылған «Алтын Орданың мұрасы» көрмесі жұмыс істейді. Көрмеге З. Қинаятұлының «Шыңғыс хан», Л. Пальдың «История империи монголов: До и после Чингисхана», Е. Кычановтың «Великий Чингис-хан», Б. Грековтың «Золотая Орда», К. Данияровтың «Альтернативная история Улыса Жошы - Золотой Орды» секілді және т.б. басылымдар қойылды. Т. Сұлтановтың «Алтын Орда», К. Бегалинның «Алтын Орда хандары» секілді көркем безендірілген танымал басылымдары, «Казахское ханство: Золотая Орда Х-ХV вв.», «Бату хан», «Тоқтамыс хан» сияқты балалар энциклопедиясы және т.б. жас оқырманның назарын аударары сөзсіз. Көрмені И. Калашниковтың «Жестокий век», І. Есенберлиннің «Золотая Орда», В. Янның «Чингисхан» секілді атақты көркем шығармалары толықтыра түскен.

Көрме жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы