Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Дала тарихының дауылпазы
15.01.2020

Әмбебап оқу залында қазақтың атақты жазушысы, тарихи романдардың авторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ілияс Есенберлиннің шығармашылығына арналған «Дала тарихының дауылпазы» көрме-досьесі жұмыс істеуде. Жазушының тарихи романдары қазақ әдебиеті тарихында орын алған айтулы оқиға болып табылады.

Көрменің орталық бөлігіне Морис Симашко аударған «Кочевники» тарихи роман-трилогиясы қойылған, осы еңбегі үшін аудармашы 1986 жылы Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Романда Темір империясы құлағаннан кейінгі қазақ тайпаларының бірігу процесі, шетелдік басқыншылармен күресі баяндалады. Бұл қазақ халқының құрылуы мен өмірі жайындағы, Ұлы Даланың көшпенділері жайындағы, қазақ даласының Ресейге қосылу кезеңі туралы дәуірнама болып табылады.

Көрмеге сондай-ақ жазушының өмірі мен Дала тарихының ежелгі дамуын көрсететін шығармашылық жұмыстары жайындағы әдебиеттер қойылған.

Сіздерді ай бойы жұмыс істейтін көрмемен танысуға шақырамыз.

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ