Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың «Құстар» атты жеке көрмесінің ашылуы
17.01.2020

16 қаңтарда кітапханада қостанайлық суретші Георгий Михайлович Соковтың «Құстар» атты жеке көрмесінің ашылуы болды. Көрмеге паң, сәнқой, нәзік құстар бейнелеген 30-дан астам графикалық жұмыс қойылды.

Қаламдас әріптестерін құттықтау үшін шараға Николай Торшин, Олег Кусков, Сергей Луговой және режиссер, актер, Санкт-Петербургтен келген қонақ – Валерий Захарьев келді. Шара жанға жайлы ахуалда өтіп, Георгий Михайловичтің атына көптеген жылы сөздер айтылды.

Е. Өмірзақов ат. облыстық филармонияның әншісі Ольга Квитка мен оның шәкірті Чумак София жиналғандарға тамаша әндерін тарту етсе, баяншы Сергей Кобызев танымал әуендерден құрылған попурри орындады.

Барлық тілек білдірушілерді ешкімді бейжай қалдырмайтын көрмені көруге шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ