Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Көшпенділер өмірінің кемеңгерлері
21.01.2020

21 қаңтарда Әмбебап оқу залында ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында Қазақстанның танымал тұлғаларына – 2020 жылдың мерейгер жазушылары: Ілияс Есенберлинге, Ермұхан Бекмахановқа, Тұманбай Молдағалиевке арналған  «Көшпенділер өмірінің кемеңгерлері» әдеби кеші өтті.

Шараға доцент, тарих ғылымдарының кандидаты, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ профессоры О. И. Исенов, философия ғылымдарының кандидаты, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының профессоры Б. Х. Әлшанова, филология ғылымдарының магистрі, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ Экономика және құқық факультетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Ш. И. Төлегенова қатысты.

Шара барысында аталған авторлардың өмірі мен шығармашылықтары туралы бейнесюжеттер көрсетіліп, таныстырылымдар ұсынылды.

І. Есенберлиннің Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленген «Көшпенділер» роман-эпопеясы, Е.Бекмахановтың «Қазақ КСР тарихы», «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында», «Қазақстанның Ресейге қосылуы» секілді негізгі ғылыми еңбектері, сондай-ақ Т.Молдағалиевтың халықтың арасына кең тараған ғашықтық лирикасы қойылған кітап көрмесі шараға жиналған көпшіліктің көңілінен шығып, зор қызығушылық тудырды.

Кеште мұндай шаралар, жер бетінің назарын өзіне аударған көшпенділер өркениетінің өткен өмірі туралы баяндайтын кітаптарды көру қазіргі Қазақстан жастарының дамуына шабыт береді, еліміздің ұлттық мұрасының мәнін терең түсінудің көрсеткіші болып табылады деген ой айтылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ