Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Достық шаңырағы» : «Украинаны жырлаған жазушылар»
04.02.2020

Абонементтер бөлімінде Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Достық шаңырағы» жобасы жұмысын жалғастырды. Жоба аясында елімізде тұрып жатқан этностардың әдебиеттерінен көрмелер циклі ұйымдастырылады. Ақпан айындағы көрмесі украин әдебиетіне арналды.

«Украиндықтар егемен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Басқа ұлттардың азаматтары секілді олар да рухани қолдауды қажет етеді, себебі рухы күшті халық қашанда мейірімді және жарқын болады», - деген болатын Н. Назарбаев.

Көрмеге украин халқының тарихы мен мәдениетін, Қазақстан мен Украинаның қарым-қатынасын көрсететін басылымдар, сондай-ақ көркем шығармалар қойылған. Украиндық ақындардың ішіндегі ең танымалдары Л. Украинка, И. Франко, А. Малышко және т. б. көрмеге қойылған. Көрменің орталық бөлігіне әр украин үшін қасиетті кітап саналатын, халықтың ерлік пен отаншылдыққа толы шынайы өмірі көрсетілген Т. Г. Шевченконың «Кобзарь» кітабы қойылған.

Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.

Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шықарымыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus