Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Spelling Bee» орфография байқауы
05.02.2020

            2 ақпанда кітапхананың Білім орталығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің үш тілдік тұжырымдамасының және АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас аясында жыл сайынғы ағылшын сөздерін дұрыс жазудың «Kazakhstan Spelling Bee – 2020» байқауы өтті. Төртінші рет өткізілген байқау АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық жұмыстың қолдау көрсетуімен жүзеге асырылды. Байқаудың мақсаты – ағылшын тіліндегі оқуды нығайту және қазақстандық жастар арасында америкалық мәдениетті насихаттау.

Орфографиялық сайысқа 27 студент қатысты.

Байқауды Америка бұрышының еріктісі София Кудрявцева жүргізді. Байқауға қатысушыларға сөздерді Fulbright ETA бағдарламасының қатысушысы, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ ағылшын тілі оқытушысының көмекшісі америкалық Керим Гейлз оқыды. Уақыттың артық-кем болмауын ҚМПУ студенті Даяна Сейдеғали қадағалады.

Қазылық жасағандар:

1.     Елена Божко, АҚШ мемлекеттік бағдарламалар департаментінің түлегі, Заречный к. мектеп-лицейдің ағылшын тілі мұғалімі;

2.     Брайс Мор, Ө.Сұлтанғазин ат. ҚМПУ Fulbright ETA;

3.     Татьяна Ким, Grand Luxe тіл орталығының аға оқытушысы, алдыңғы Spelling Bee байқауларының жүргізушісі және жеңімпазы.

Қатысушыларды бағалау барысында қазылар алқасы Америка бұрышының қорындағы сөздіктерді пайдаланды:

1.     Cambridge English pronouncing dictionary./ed. By P. Roach, J. Hartman, J. Setter. – New York : Cambrige, 2009. – 599 p.

2.     Merriam-Webster’s dictionary of English language. / ed. E. Ward Gilman.  – Springfield, Massachusets : Merriam-Webster Inc., 1994. – 977 p.

3.     The Barnhart concise dictionary of Etymology / ed. By R. K. Barnhart. – New York : Harper Collins pub., 1995. – 916 p.

4.     Choose the right word. / ed. S. I. Hayakawa, E. Ehrlich. - New York : Harper Collins pub., 1994. – 532 p.

Байқау 17-ші раундта аяқталды.

Жеңімпаз болғандар: ЧелМУ студенті Шынар Алитанова, ҚМУ студенті Ксения Амелина және ҚМПУ оқушысы Әліби Әмірғалиев. Олар тиісінше І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Жеңімпаздарға ақша сертификаттары тапсырылды, сондай-ақ олар Нұр-Сұлтан қ. өтетін байқаудың ұлттық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus