Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ертіс пен Тобыл арасы
10.02.2020

Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп жаңа жобаны қолға алды. 2020 жылдың 7 ақпаны күні осы жобаның тұсаукесері болып өтті.

«Ертіс пен Тобыл арасы» деп аталатын тың жоба екі аймақ арасындағы әдеби сабақтастықты арттыруға, жастардың шығармашылығын дәріптеуге арналды. Кездесу онлайн режимде өтіп, қос аймақ арасындағы телекөпірге Жазушылар одағының Қостанай және Павлодар облыстық филиалдарының директорлары, Жазушылар одағының мүшелері, «Ақ қауырсын» әдеби жастар клубының өкілдері мен Павлодар облысындағы «Өркен» жас ақындар клубының мүшелері қатысты.

Павлодарлық тарап өңір жастарының алдағы уақыттағы шығармашылығына арналған жұмыс жоспарын таныстырды. Сондай-ақ Павлодар өңірінде құрылған «Jebe» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Жұмабек Сманов, көрнекті ақын Қуанышбек Шарманов, жас ақын Айбек Оралхан өз ойларын ортаға салып, өңірдің әдеби ахуалына кеңінен тоқталып кетті.

Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры Жанұзақ Аязбеков, ақын Абылай Мауданов өңірдегі жас ақындардың аяқ алысын, әдебиет төңірегіндегі шешімі табылмай жатқан  кейбір түйткілді мәселелерді атап көрсетті.

Кездесу барысында екі өңірдің жас шығармашыл жастары өлең-жырдан шашу шашып, алдыңғы буын ағаларға сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ