Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Елең еткізер еңбек
11.02.2020

Абонементтер бөлімінде жазушы, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сапар Байжановтың 90 жылдығына арналған кітап көрмесі жұмыс істеп тұр. Сапар Байжанов сондай-ақ Зейін Шашкиннің шығармашылығын терең зерттеген әдебиет сыншысы ретінде де белгілі.

Көрмеге жазушының повестері, әңгімелері, сондай-ақ монографиялары мен өмірбаяндық эсселері енген таңдамалы шығармалар жинағының үш томдығы қойылған. «Қазақстан» және «Қазақ әдебиеті» энциклопедияларында Сапар Байжановтың өмірбаяны берілген және шығармашылығына шолу жасалған. Көрмеге келушілер телепублицист Оразалы Сұлтанның «Сапар» деректі фильмінің сценарийімен таныса алады. Көрмені мерзімді басылымдардан алынған тақырыптық жарияланымдар толықтыра түседі.

 Барлығыңызды Сапар Байжановтың шығармаларын оқуға шақырамыз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus