Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әдебиет әлеміндегі Мұхтар Әуезов пен Әнуар Әлімжанов»
14.02.2020

Л. Н. Толстой ат. облыстық кітапханада республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Әдебиет әлеміндегі Мұхтар Әуезов пен Әнуар Әлімжанов» атты әдеби кеш өтті. 2020 жылы жалпы халықтық оқу үшін М. Әуезовтың «Абай жолы» және Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романдары таңдап алынды.

А. Байтұрсынов ат. ҚМУ тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысыШынар Исланбекқызы Әнуар Әлімжановтың шығармашылығы туралы айтып беріп, оның «Ұстаздың оралуы» шығармасына толығырақ тоқталды және шараға жиналғандарды шығарманы оқып шығуға кеңес берді.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, драматург, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның құрметті журналисі Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет өз сөзінде Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» шығармасының қазақ әдебиетіне қосылған үлкен үлес болғанын және жазушы осы шығармасымен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Әл-Фарабидің мұрасына қатысты дауға нүкте қойып бергенін атап өтті. Ақылбек Шаяхмет сондай-ақ Мұхтар Әуезовтың атақты «Абай жолы» роман-эпопеясына да қатысты пікірін білдірді, ал ҚМПУ филология ғылымдарының кандидаты Мырзағалиева Күлзада Мешітбайқызы бұл шығарманың стилистикалық ерекшеліктері туралы айтып берді.

Шара барысында І. Омаров ат. қазақ драма театрының әртісі Ерхан Барақов «Абай жолы» романынан «Абай»монологын терең толғаныспен орындаса, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ студенттері Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus