Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Абай – дана, Абай – дара қазақта»
14.02.2020

13 ақпанда Әмбебап оқу залы «Қылмыстық-атқару жүйесінің Қостанай облысы бойынша комитеті басқармасының УК161/2 түзету мекемесі» ММ қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың мәдени және рухани мұрасына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» көшпелі шарасын өткізді.

Қызметкерлер өз сөздерінде Абайдың шығармашылық мұрасының бірегейлігін, оның өлеңдері мен қара сөздерінде халықтың ұлттық сана-сезімінің, әлемге деген көзқарасының, дәстүрі мен рухының көрініс тапқанын атап өтті.

Шара ұлы ағартушының, ақын және философтың шығармашылығы жайындағы таныстырылымдармен және бейнесюжеттермен сүйемелденді. Шараға келгендер үшін жазғаны жұртымен бірге жасайтын, күші мен өзектілігін ешқашан жоғалтпайтын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus