14 ақпанда кітапхананың жиналыс залында Өнер туралы әдебиеттер бөлімі поляк композиторы, пианиношы Ф.Шопеннің 210 жылдығына арналған «Жаңа жырға құштар жан» әдеби-музыкалық кешін өткізді.
Музыка кешін өзінің 60 жылдығы Шопеннің атаулы күнімен сәйкес келген музыкант, «Встреча друзей» клубының жетекшісі Сергазина Лариса Михайловна дайындады. Бағдарламада классикалық музыканың маржандары Чайковскийдің, Бетховеннің, Свиридовтың және міндетті түрде Шопеннің шығармалары орындалды.
Л. Сергазинаныңөзінен басқа концертке жас пианиношылар Екатерина Банникова мен Талғат Мұхамеджанов қатысты. Екінші бөлімде вокалдық топ сырлы әндерді орындады. Мерейтой иесіне көптеген шынайы құттықтаулар айтылып, өлеңдер оқылды, гүлдер беріліп, қол соғып қошемет көрсетілді. Мерейтой сәтті өтті!