Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Көп оқыған көп білер» ақпарат сабағы
18.02.2020

Көптеген адамдарға өзгелерден кітапты көп оқыған, қордағы жаңа әдебиеттер туралы, кітапхананың жаңа қызметтері туралы ақпарат алып отырған ұнайды.

17 ақпанда Әмбебап оқу залында пайдаланушыларды жаңа әдебиеттер туралы хабардар етуді, кітап пен кітап оқуды, ақпарат алмасуды, сондай-ақ қарым-қатынастың жаңа түрлерін насихаттауды мақсат ететін ақпарат сабағы өткізілді.

Ақпарат сағатының тыңдаушылары болған ЖОО студенттеріне 2019 жылы жарық көрген кітаптар таныстырылды.

Жаңадан түскен кітаптардың ішінен орта ғасырдың көрнекті ойшылы Әбу Насыр ибн Мұхаммед әл-Фарабидің (870–950) шығармашылығына арналған А. Х. Қасымжановтың «Аль-Фараби» кітабы ерекше қызығушылық тудырды. Кітаптың өзектілігі жас ұрпаққа мәдениеттер жарастығын, адамгершілік пен ағартушылық идеясының тұтастығын жан-жақты талдап және түсіндіріп беретін Әл-Фараби мұрасының мәңгілігімен байланысты. Кітапты нағыз сирек кездесетін библиографиялық құрал деуге болады және ол көпшілік оқырман қауымына, студенттерге және Әл-Фарабидің философиялық ойларын білгісі келетіндердің барлығына арналған.

Белгілі қазақ жазушысы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бексұлтан Нұржекеевтің «Қазақ тарихынан» кітабына деген қызығушылық та өте жоғары болды. Бұл жинақ қазақ халқының тарихы туралы жазушының түрлі жылдары жазған мақалалары мен зерттеулерінен тұрады.

Оқырмандар философияға, ел тарихына қатысты мұндай кітаптардың қашанда үлкен қызығушылық тудыратынын, оқырманның ой-санасын кеңейте түсетінін, шабыттандыратынын және адамның рухани және адамгершілік тұрғысынан дамуына негіз болатынын атап өтті.

Жаңа әдебиетті жұртқа жаю және насихаттау мақсатында Әмбебап оқу залында жыл бойы жаңа әдебиеттердің көрме-вернисажы тұрақты жұмыс істейтін және ақпарат сағаттары өткізіліп отырылатын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus