Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлысты құраған ұлт өкілдері»
19.02.2020

Қазақстан халқы ассамблеясы – бұл бір елдің шыққан тегі, ұлты, діні мен дүниетанымы әртүрлі халқын біріктіруге негіз болған құрылым.

2020 жыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы үшін мерейтойлық жыл болды. Осыған орай Өлкетану әдебиеттері бөлімінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына арналған «Ұлысты құраған ұлт өкілдері» кітап көрмесі безендірілді.

Көрмеге облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылу тарихы туралы, оның жетістіктері жайлы, ұлттардың бірлігі мен этностар арасындағы келісім туралы, Қазақстандағы этностардың тарихы туралы кітаптар қойылған. Олардың ішінде К. Х. Жақыптың жетекшілігімен шыққан «Бір мақсат – ортақ тағдыр», Федор Миннің «Дорогою дружбы», белгілі саясатшы В. Г. Вишниченконың «Костанайская областная Ассамблея народов Казахстана: История создания и становления» кітаптары, Достық үйінің «Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы. Ұйымдастыру және даму тарихы», «Этнокультурные объединения Костанайской области», «Алтын дала» секілді басылымдары және т. б. бар. Барлығыңызды біздің көрмемізді көруге шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus