Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алтын Орда: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі»
19.02.2020

18 ақпанда Әмбебап оқу залы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында «Алтын Орда: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі» дөңгелек үстелін өткізді.

Шараның басты қонақтары болғандар: профессор, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ филология ғылымдарының кандидаты А. А. Әбсадықов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті С. С. Исмаилов, Ө.Сұлтанғазин ат. ҚМПУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, Phd докторы, профессор Р. Ж. Байдалы.

Сөз сөйлегендер Алтын Орда дәуірінің Қазақстан тарихындағы рөлі туралы айтып беріп, оның Қазақстанның және бүкіл Еуразия тарихында ерекше рөл атқарғанын атап өтті. Шара барысында Алтын Орданың гүлденген және құлдыраған кезіндегі мәдениеті мен экономикасының мәселелері талқыланды.

Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті С. С. Исмаилов Атырау қаласында өткен ғалымдардың Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференциясынан алған әсерімен бөлісті, оның сөзі электронды көрсетіліммен сүйемелденді.

Оқырмандар назарына кітап көрмесі ұсынылды. Көпшілік оқырманға арналған К. Бегалиннің «Ханы Золотой Орды», Р. Ю. Почекаевтің «Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды», Г. Еникеевтің «Великая Орда: друзья, враги и наследники» кітаптары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Шараға жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus