Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Бұл журналды оқисыз ба? («Наука и жизнь» журналы туралы)
21.02.2020

Әмбебап оқу залында «Бұл журналды оқисыз ба?» көрме-аңдатпасы жұмыс істеуде. Журналдың мақсаты барлық жылдар бойы өзгеріссіз келеді – озық ғылыми идеялармен таң қалдыру және жаңалыққа құмарлардың қызығушылығын ояту. Тақырыпты қызықты және түсінікті етіп бере білу – бұл журналды өзгелерден бөліп көрсететін басты ерекшелік. Оның бас редакторы Е. Л. Лозовскаяның сөзімен айтқанда, журнал жаңалықтар туралы ақпаратты «орыстың ғылыми тілінен күнделікті ауызекі тіліне» аударады, оны академиялық білімі жоқ оқырманға түсінікті тілде береді. Сол себепті журнал оқырмандарының жасы мен кәсіби шеңберіне шектеу жоқ. «Наука и жизнь» журналының бетінен жақында ғана белгілі болған ғылыми жаңалықтар жайында және ғылымның тарихы туралы, жаңа технологиялар мен ғылымның фундаменталды негіздері туралы, өмірін ғылымға арнаған адамдар мен тарихи тұлғалар туралы, айналамыздағы заттар мен жер бетіндегі ғажайып орындар туралы мақалаларды таба аласыздар. Физика, биология, астрономия, химия, математика, лингвистика, медицина, психология – осы және басқа ғылымдар «Наука и жизнь» журналының бетінен жақын және түсінікті бола түседі.

Ғасырдан астам уақыт бойы шығып келе жатқан «Наука и жизнь» журналының алғашқы саны 1890 жылы жарық көрді, журнал бетінде ғылым мен технологияның дамуы туралы, әлемнің құрылысы жайындағы біздің түсінігіміз туралы, елдің тағдыры туралы тұтас жылнама жинақталған. 1934 жылдан бастап журнал үздіксіз шығып келеді, оның шығуы Ұлы Отан соғысы жылдарында да, экономикалық дағдарыс кездерінде де тоқтаған жоқ. «Наука и жизнь» жай ғана ғылыми-көпшілік журнал емес, бұл сіздің дүниетанымыңызды кеңейтер кеңесшіңіз.

Сіздерді ай бойы жұмыс істейтін көрмемен танысуға шақырамыз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus