Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу
21.02.2020

20 ақпанда жиналыс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің №30 ОМ 6-7 сынып оқушыларымен кездесуі өтті. Майданда өткен жастық шақтары туралы айтып беру үшін кездесуге Котолевский Иван Григорьевич пен Доценко Павел Васильевич келді. Кездесу алдында шайқас алаңында опат болғандар мен ерен еңбегімен жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлері бір минуттық үнсіздікпен еске алынды. Әңгіме барысында оқушылар көптеген сұрақтар қойып, қонақтардың мектептегі өмірі туралы, майданға қалай алынғандары туралы, түрлі марапаттардың не үшін берілгені туралы білді.

Ардагерлер үшін соғыс туралы жүректі толқытар өлеңдер оқылды. Шарада деректі фильмдерден алынған көрсетілімдер, бейнероликер, соғыс жылдарындағы әндер пайдаланылды.

Кітапхана қызметкерлері мен оқушылар ардагерлерге жауынгерлік ерліктері мен қиын кезеңдегі жанкешті еңбегі үшін алғыстарын білдірді.

Шара соңында барлық қатысушылар атақты «Катюша» әнін шырқады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ