Қазақстанда
республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы жұмысын жалғастырды. Акцияның басты
мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын
көтеру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту,
өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына көмектесу.
2020 жылы жалпы
халықтық оқу үшін екі шығарма – Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен
Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдап алынды.
Осы оқиғаға орай
2020 жылдың 26 ақпанында Әмбебап оқу залында «Даналар жолы – халық мұрасы»
кітап көрмесі безендірілді.
Көрменің ортасына
екі бөлім – «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» және «Ғалым өміріне саяхат жасаған
қаламгер» орналастырылған, оларға аталған шығармалар, авторлардың өмірлері мен
шығармашылығына арналған кітаптар, олар жайындағы қызықты мақалалар: «Мұхтар
Әуезов туралы естеліктер», «Әлем таныған Әнуар. Признанный миром Ануар», «Мен
білетін Әуезов» және т. б. қойылған.
«Әдебиет және
дәуір» бөлімі оқырмандарды осы екі тамаша шығармамен, сондай-ақ қазақ
әдебиетінің тарихы жайындағы кітаптармен таныстыруды жалғастырады.
Алдыңғы жылдардың
акцияларына қатысқан шығармалар қойылған «Ұлы дәуір ұлағаты» бөлімі де көңіл
бөлуге тұрарлық.
Көрме өз
оқырмандарын жыл бойы қуантатын болады.
|