26 ақпанда Өлкетану
әдебиеттері бөлімі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, облыстық Меценаттар
клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, Қазақстандағы жас ақындардың «Ең үздік
ұстазы» атағының иегері, айтыскер ақын Әлпия Орманшинаның 65 жылдығына орай
беделді кездесу өткізді.
Шараға қатысқан
жазушы, сықақшы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қостанай қ. құрметті
азаматы Ғұмар Ахметчин Әлпия Орманшинаны сықақтан да құр алақан қалмаған
қаламдас әріптесі ретінде таныстырды. Өз кезектерінде Әлпия Орманшинаны
әдебиеттегі өздерінің ұстазы санайтын Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық
мұражайдың директоры, айтыскер ақын Марғұлан Оспанов пен айтыскер ақын Салтанат
Өтелбаева қонақтың атына көптеген жүрекжарды сөздерін жеткізді.
Кездесу барысында Әлпия
Орманшинаның қатысуымен түсірілген бейнебаяндар көрсетілді, музыкалық тарту
ретінде Түлкібек Рысмағанбетовтың, Жарқынбек Деріпсалдин мен Қалибек Деріпсалдиннің орындауында
лирикалық әндер орындалды. Кездесуге келген жұрт қонаққа көптеген сұрақтар
қойып, Әлпия Орманшинаға арналған көлемді кітап көрмесін қызыға тамашалады. |