Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бейбітшілік пен гүлдену мерекесі»
02.03.2020

Көктемнің келуімен табиғат қысқы ұйқысынан ояна бастайды. Күн ұзара түседі, ал күннің көзі жылуын күшейте түседі. Наурыз – жаңарудың және күн жүйесінің күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың келуі мерекесі. Бұл тамыры тереңге кететін, бірлік пен жақсылықтың мерекесі.

Әмбебап оқу залында «Бейбітшілік пен гүлдену мерекесі» көрме-құттықтауы безендірілді. Көрмеден мерекелік құттықтаулар мен тілектер, осы бір жарқын мерекеге арналған әндер, өлеңдер, сценарийлер таба аласыздар. Қазақ халқының салтымен және дәстүрімен танысасыздар.

Әсіресе «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабы ерекше назар аударуға тұрарлық. Суретпен безендірілген «Қазақ киімі» альбомы, сондай-ақ белгілі жазушы К. Сегізбайұлының «Казахская национальная кухня. Традиции казахского дастархана» зерттеуі назар аударуға тұрарлық дүниелер. Наурыз мейрамын өткізуге арналған ойындар, байқаулар мен көңіл көтерулер «Армысың, әз – Наурыз!», «Той» жинақтарында және басқаларында берілген.

Көрме айдың аяғына дейін жұмыс істейтін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus