Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұлы ерлікті ұрпаққа жеткізген кітаптар
23.01.2020

22 қаңтарда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы ерлікті ұрпаққа жеткізген кітаптар» атты кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесері өтті.

Шын мәнінде халықтық сипатқа ие болған Ұлы Отан соғысы көптеген жылдар бойы жазушылар мен ақындардың шабытын шақырар тақырып болып келе жатыр. Бұл тақырыпқа жазылған көптеген туындылар отандық және әлемдік әдебиеттің алтын қорынан орын алған.

Кітап көрмесіне кітапхана қорынан алынған, алуан түрлі жанрда жазылған тақырыптық кітаптар: тарих және соғыс туралы еңбектер, деректі басылымдар, көркем шығармалар, поэзия қойылған. Экспозицияға Б. Момышұлы, М. Әлімбаев, Қ. Қайсенов, К. Симонов, А. Бек, Б. Васильев, С. Алексиевич секілді атақты авторлардың және т.б. шығармалары енді. Көрмені жақын және алыс шетелдің қазіргі кездегі жазушыларының шығармалары толықтыра түскен. Көрмеге қазақ және орыс тіліндегі туындылармен қатар ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі шығармалар да қойылған.

Шараға қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мәдениет қайраткерлері қатысты.«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы өз сөзінде атаулы күннің маңыздылығын атап өтіп, оны мерекелеудің жоспарымен бөлісті. Қостанай қ. құрметті азаматы Үкин Кенжебек Үкіұлы облыстық Ардагерлер кеңесінің Ұлы Отан соғысында майданда болған Қостанай облысының тумалары туралы ақпарат жинау және сақтау бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Осы жұмыстардың нәтижесінде көп томдық «Боздақтар», «Они вернулись с победой» және басқа басылымдар жарыққа шықты. «Думанды дәурен» кітабы экспозициядан орын алған ардагер Қасымхан Алдабергенұлының сөзі көрермендердің көңілін босатты. ҚР білім беру ісінің үздігі, Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Светлана Николаевна Петрованың сөзі де жиналғандардың жүрегіне жол тапты, ол шараға келгендерді отбасылық мұрағатқа мұқият болуға шақырды. Барлық қонақтар соғыс жайындағы кітаптарды оқымай, аталарымыз бен бабаларымыздың ерлігін есте сақтау мүмкін емес деген пікірге бірауыздан келісті.

Өлең оқулар мен көркем өнерлер жиналғандардың қызу қолдауын тудырды. І. Омаров ат. қазақ драма театрының актерлері жиналғандарға Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романынан үзінді көрсетті. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі В. Захарьев Б. Полевойдың «Повесть о настоящем человеке» шығармасынан үзінді оқыды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus