Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Күләнда Есекинаның «Мың құбылған моншақ» атты көрмесі ашылды
10.03.2020

5 наурызда, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында  Күләнда Есекинаның «Мың құбылған моншақ» атты жеке көрмесінің ашылуы болды. 

Көрмеге пейзаждар, портреттер, натюрморттар, анимастикалық композициялар мен гүлдер бейнеленген суретшінің 20 астам жұмысы қойылған.

Күләнда Ғалиасқарқызы  біздің жерлесіміз, Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында туған. Н. Крупская ат. ММУ жанындағы студияны   және Арқалық педагогикалық институтының көркем сурет және графика факультетін бітірген. Бала кезінен жануарлардың суретін салуды ұнатты, мектеп ішіндегі байқаулар мен көрмелерге қатысты.

Қазіргі кезде шебер астанада тұрады және жұмыс істейді, сол себепті көрменің ашылуына келе алмады. Оның шығармашылығы туралы кітапханаға ұзақ жыл жетекшілік еткен шебердің апасы Гүлжамерия Ғалиасқарқызы айтып берді.

Шараға қатысқандар Қостанайда моншақпен бейнеленген суреттер сирек қойылатынын, мұндай техникамен кез келген суретшінің айналыса бермейтінін, себебі әр моншақты матаға тігіп отырудың өте көп еңбек пен уақытты қажет ететінін атап өтті.

Қалалық «Мирас» мәдениет үйінен келген әншілер Әсем Есмағамбетова, Дамир Ерғалиев және Ербол Жазықбаев шараның сәнін келтіре түсті. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus