Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наурыз – сананы жаңғыртатын мейрам»
11.03.2020

Абонементтер бөлімінде Шығыс халықтары атап өтетін Наурыз мейрамына қарсы «Наурыз – сананы жаңғыртатын мейрам» атты кітап көрмесі ашылды. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы өзінің санасына, салтына әбден енгізген байырғы мейрам. Наурыз мейрамы – Жаратушы иеміз адам баласы өсіп-өнуі үшін жаратқан табиғат ананың төл мерекесі, шығыс данышпандары аса бір дәлдікпен айқындаған күн мен түн, жарық пен қараңғы теңелетін күн. Наурыз мейрамы аясында ұлтымыздың рухын көтеріп, мәдениетін, ғұрпын, дәстүрін жарқырата көрсетуіміз – бүгінге мерей, ертеңгіге тағылым. Данышпан бабаларымыз, абыз аталарымыз сондықтан да оны «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

Сіздердің назарларынызға Наурыз мейрамына қатысты танымдық материалдар, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрыптар, киіз үй жабдықтары, қолөнер бұйымдары, ұлттық ойын түрлері, бата, әуен, мақал-мәтелдер, ұлттық тағамдарды дайындау тәсілдері жөнінде мол мағлұматтар берілген «Наурыз – сананы жаңғыртатын мейрам» көрмесін ұсынамыз.

Сіздерді наурыз айының аяғына дейін көрмені көруге шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus