Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Әлем мойындаған Абай» әдеби қонақжайы
13.03.2020

11 наурызда Қостанай француз орталығы Әмбебап оқу залымен бірлесе отырып «Әлем мойындаған Абай» әдеби қонақжайын өткізді.

Шарада ұлы жерлесіміздің шығармалары мен әндері әлем жұртының түрлі тілдерінде орындалды. Әсіресе Францияда жоғары бағаға ие болған, Ғалымжан Мұқановтың аударуымен француз тілінде жарық көрген Абай шығармасы ерекше жарқын шықты. Дәл осы ЮНЕСКО-ның конференциясында Абай өлеңдері алғаш рет француз тілінде оқылды, ал аудармашыға «Қазақстан әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін» аталымы бойынша «Тарлан» сыйлығы табыс етілді.

Герольд Бельгер мен Леонард Кошуттың неміс тіліне аударған Абай шығармалары да одан кем түспеді, аталған азаматтардың арқасында Абай есімі неміс тілді оқырмандарға да танымал болды.

Шарада Абайды орыс тіліне аударғаны үшін аудармашы Марат Әдібаев та жоғары бағаға лайық деген пікір айтылды.

Шарадан кейін қатысушылар «Абай – дана, Абай – дара казақта» кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік алды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ