Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Оюмен ой айтқан елміз»
16.03.2020

«Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК» КММ 3-ші қабатында сәндік-қолданбалы өнер шебері, өлкетанушы, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының екі мәрте иегері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдиннің «Оюмен ой айтқан елміз» атты көрмесі ашылды. Көрмеге 200 астам ою-өрнек композициясы қойылған.

Шөптібай Байділдин қырық жылдан астам уақыт бойы қазақтың ұлттық өрнектерін салумен және оюмен айналысып келеді. Оның шығармашылығында оюдың 3500 астам үлгісі бар. Ол қазақтың ою-өрнегі туралы әңгімелейтін, олардың мәні мен маңызын түсіндіретін «Қазақтың ою-өрнектері», «Ою ой, өрнек сал», «Оюмен ой айтқан елміз»  кітаптарының авторы болып табылады. Ол қалалық, облыстық және республикалық көрмелерге қатысушы. Оның жұмыстары Қазақстанда, Түркияда және АҚШ өткен көрмелерге қойылған.

Барлық тілек білдірушілерді көрмені тамашалауға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ